Украина әскері жаттығатын Чехия полигонында жарылыс болды

0
336

Зардап шеккендер бар.


Украина әскері жаттығатын Чехия полигонында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Киев режимінің әскери қызметкерлері оқудан өтіп жатқан Чехияның шығыс бөлігіндегі Либава әскери полигонында оқ-дәрілер жарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Чехия Қарулы Күштерінің X әлеуметтік желісіндегі баспасөз қызметі хабарлады.

"Біз оқ-дәрілердің әлі белгісіз түрі жарылған Либава оқу-жаттығу әскери орталығындағы оқыс оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Өкінішке орай, онда жаралылар бар", - делінген хабарламада

Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі, олардың саны мен денсаулық жағдайы әскери бөлімде нақтыланбаған. Құтқару операциясына құтқару тікұшағы мен әскери полиция қызметкерлері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың соңында ресми Прага Оломоуц өлкесіндегі Чехия армиясының Либава полигонында украин әскери күштері дайындықтан өткенін хабарлады. Олардың саны да нақтыланбаған.