Елдегі 6,7 млн-ға жуық адам басқа өңірлерге көшуге мәжбүр болған.
ERNUR.KZ. Украинадан шамамен 3 млн тұрғын көшіп кеткен. Бұл туралы ДДСҰ Еуропалық бөлімінің мәлімдемесінде жазылған деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінде Украинада жағдай 18 млн адамға өміріне әсер етті деген болжам бар. Оның ішінде 6,7 млн тұрғын басқа өңірлерге көшуге мәжбүр болған. Сондай-ақ 3 млн-ға жуық адам елден көшіп кеткен", - деп жазылған ДДСҰ-ның мәлімдемесінде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы серіктестерімен бірге Украинада және одан тыс жерлерде де гуманитарлық көмек көрсету жұмысын үйлестіріп жатқанын атап өтті.
ДДСҰ украиналықтарға инсулин, оттегі, хирургиялық құралдар, анестетиктер, қан құюға арналған жиынтықтар және тағы басқа маңызды жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыс істеп жатыр.