Украинаның Лиман қаласы азат етілді

0
3 716

Украина әскері Лиман маңындағы тағы 5 елді мекенді өз бақылауына алған.


Украинаның Лиман қаласы азат етілді
ERNUR.KZ. Украинаның қорғаныс күштері Донецк облысындағы Лиман қаласы Ресей әскерінен толық босатылғанын хабарлады, - деп жазады "Хабар 24".
Украина әскері Лиман маңындағы тағы 5 елді мекенді өз бақылауына алған.
Шаһардан Ресей жасағының кеткенін осы елдің Қорғаныс министрлігі растады.
"Адам шығынына қарамастан, қарсылас тарап адам саны мен техника жағынан басымдыққа ие болды және бұл бағыттағы шабуылын жалғастыра берді. Төнген қауіпке байланысты одақ әскеріне басқа шепке ауысуға тура келді", - деді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.