Францияның өзінің ядролық арсеналы бар.
Фото: Tom Nicholson / Getty Images
ERNUR.KZ. 9 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон тарихта алғаш рет ядролық арсеналдарын бірге пайдалануға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz
Кир Стармер мен Эммануэль Макронның айтуынша, "Еуропаға кез келген төтенше қауіпке" бірлескен жауап қайтарылады.
Екі ел басшылығының бұлай мәлімдеуіне Ресейден төнген қауіп пен АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдіктеріне күмән туғаны түрткі болған.
Ұлыбритания билігі екі елдің ядролық әлеуеті тәуелсіз болса да, бірігіп әрекет етуі мүмкін екенін жеткізді.
"Екі елдің де реакциясын тудырмайтын қауіп жоқ", – делінген мәлімдемеде.
Бұл шешім әсіресе Франция үшін ерекше маңызды, өйткені Париж дәстүрлі түрде НАТО-ның ядролық тетіктерінен алшақтап, АҚШ-тың қаруды бірлесіп пайдалану бағдарламасына қатысудан бас тартқан. Алайда енді Франция мен Ұлыбритания ядролық саясат пен операцияларды қадағалайтын бірлескен топ құрмақ, оны Елисей сарайы мен Ұлыбритания министрлер кабинеті қызметкерлері басқарады.
Францияның өзінің ядролық арсеналы бар. Ұлыбритания америкалық Trident зымырандары бар сүңгуір флотқа ие, бұған қоса F-35A жойғыштарын ядролық қарумен жабдықтауды жоспарлап отыр. Лондон соңғы жылдарда алғаш рет ядролық құрамды ұшақтарға қайтармақ.
НАТО-ның бұрынғы өкілі Камиль Гран бұл екі елдің салыстырмалы түрде қарапайым арсеналын ескергенде, "елеулі өзгеріс" екенін айтады.
Сондай-ақ "Ланкастер-хаус 2.0 " жаңа қорғаныс пактіне қол қойылды. Онда Storm Shadow жаңа зымырандарын, радиоэлектронды қорғаныс құралдарын және жауынгерлік қимылдарда AI қолдануды бірлесіп әзірлеу қамтылған.