Риши Сунак 42 жаста. Оның ата-анасы Шығыс Африкадан Англияға көшіп келген дәрігерлер.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияда алғаш рет азиялық азамат - үнді жігіті премьер-министр лауазымына сайланды, деп жазады ulysmedia.kz.
БАҚ-тағы мәліметтерге қарағанда, Ұлыбританияның үкімет басшысы тағына Риши Сунак отырған. Консерваторлар партиясының көшбасшысы ретінде қатысып бірінші сайлауда жеңілген ол, арада жеті апта өткенде көздеген мақсатына жетіп, Ұлыбритания тарихындағы ең жас, алғашқы азиялық (үндістандық) премьер-министр болды.
Риши Сунак елде осыған дейін отырған премьер-министрлерге қарағанда көбірек құрметке ие. Басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде оның ақсүйектерге тән мінез-құлқы, киіну әдебі жиі талқыланады.
Риши Сунак 42 жаста. Оның ата-анасы Шығыс Африкадан Англияға көшіп келген дәрігерлер.
Ол - Үндістанның ең бай адамдарының бірі Нараяна Мертидің қызы Акшата Мертидің күйеуі.