Үндістан электронды сигаретке тыйым салмақ

0
843

Үндістан Денсаулық сақтау министрлігі элетронды сигаретке тыйым салу балалар мен жасөспірімдердің жаппай әуестенуіне тосқауыл қою үшін қажет деген сенімде.


Үндістан электронды сигаретке тыйым салмақ

ERNUR.KZ. Үндістан денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық аумағында электронды сигаретті шығаруға, импорттауға, сатуға тыйым салуды және мұны бұзғандарды түрмеге қамауға дейін жазалауды ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Үндістан Денсаулық сақтау министрлігі элетронды сигаретке тыйым салу балалар мен жасөспірімдердің жаппай әуестенуіне тосқауыл қою үшін қажет деген сенімде.

Сондай-ақ, баяндамада: егер сигарет шығару, импорттау және сатуға тыйымды қайталап бұзған жағдайда үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды және 500 мың рупий көлемінде ($7000) айыппұл төлеуді енгізу көрсетілген.

Ал егер бірінші рет бұзған болса, жеңілдеу жаза: бір жылға дейін түрмеге отырғызу немесе 100 мың рупий ($1400) айыппұл төлеу ұсынылып отыр.

Айта кетсек, 1,35 млрд халқы бар Үндістанда 106 мың ересек адам шылым шегеді. Бұл ел темекіні пайдалаудан әлемде Қытайдан кейін екінші орын алады.Жыл сайын 900 мың үнділік темекі шегудің салдарынан туындайтын дерттерден көз жұмады.

Бүгінгі таңда Үндістандағы 29 штаттың 16-сында және жеті әкімшілік аумағында электронды сигаретке тыйым салынған.