Қара зең анықталған науқастардың 32% -ы 18-45 жас аралығындағы, 42% -ы 45-60 жас аралығындағы және 24% -ы 60-тан жоғары жастағы адамдар санатына жатады.
ERNUR.KZ. Үндістанда дәрігерлер 40 мыңнан астам "қара зең" жағдайларын анықтады, деп жазады zakon.kz.
Зең инфекцияларынан болатын өлім-жітім 3 129 жағдайды құрады, ал барлығы 40 845 жағдай тіркелді, оның 31 344 жағдайда мұрын, тыныс алу жолдары және мидың бөліктері зардап шеккен, - дейді Үндістанның денсаулық сақтау министрі Харш Вардхан.
Қара зең анықталған науқастардың 32% -ы 18-45 жас аралығындағы, 42% -ы 45-60 жас аралығындағы және 24% -ы 60-тан жоғары жастағы адамдар санатына жатады.
Науқастардың 64% -ы қант диабетімен ауырған, ал 53% -ы стероидті дәрі-дермек қабылдаған.
Науқастардың басым бөлігі Махараштра, Керала, Тамилнад, Батыс Бенгалия және Одиша штаттарында кездеседі.