Үндістанда алапат селден 150 адам қаза тапты

0
493

Лай тасқынынан кейін 187 адам хабар - ошарсыз кеткен


Үндістанда алапат селден 150 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанда лай көшкінінен 151 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Керала штатынның Ваянад аумағында көп жауған жауын-шашынның арты лай көшкініне ұласқан, ол жолындағы ауылдар мен шай плантацияларын жайпап кетті. Шатқалды аумақтарда өмір сүріп жатқан 186 адам жарақаттанды, 187 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 77 адамның денесі табылып, олардың кім екені анықталып, туыстарына табыс етілген. Жергілікті полиция өкілінің хабарлауынша, сейсенбі күні түнде оннан астам мәйіт табылған, құтқару жұмыстарына 300 қызметкер мен үнді армиясы жұмылдырылған.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди әлеуметтік желіде Ваянадтағы лай көшкінінде жақынын жоғалтқандармен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендерге 200 мың рупий қаражаттан берілетінін айтты.

Үндістандағы атақты туристік өңірдің бірі Керала штаты үнемі жауын-шашын мол жауатын, лай көшкіні мен су тасқыны жиі болатын аймақ. 2018 жылы су тасқынынан 500-ге жуық адам қайтыс болған.