Ол он қолы бар Дурги құдайшасы құрметіне орнатылыпты.
ERNUR.KZ. Үндістанда 50 келі таза алтыннан жасалған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол он қолы бар Дурги құдайшасы құрметіне орнатылыпты. Бағалы металдан жасалған композицияда индуизм құдайлары пантеонының өзге де құдайлары бейнеленген. Жалпы олардың барлығын мүсіндеуге 110 келі күміс пен алтын қолданылған. Ерекше ескерткіш Наватари фестиваліне орайластырылған. Алайда ол өте құнды болғандықтан, адамдардың жақындауына рұқсат жоқ. Оны тек алыстан көруге болады.