Үндістанда белгісіз аурудан зардап шеккендер саны 800-ден асты

0
964

Індеттен бір адам қайтыс болды.


Үндістанда белгісіз аурудан зардап шеккендер саны 800-ден асты

ERNUR.KZ. Үндістанның оңтүстігіндегі Элуру қаласында тарап жатқан белгісіз ауру COVID-19-бен байланысты емес, деп жазады Azattyq Rýhy.

The Guardian берген мәлімет бойынша, Батыс Годавари округінің инспекторы Долла Джоши Рой 800-ден астам адамның ауырып қалуына улану себеп болған деп айтты.

«Біз коронавирусқа тест жүргіздік және теріс нәтиже алдық. Сондықтан біз бұл ауруға COVID-19-дың қатысы жоқ екенін анық білеміз»,- деді Долла Джоши Рой.

Айта кетерлігі, 5 желтоқсаннан бастап 3 күннің ішінде 848 жағдай тіркелді. Бір адам қайтыс болды. Зардап шеккендер бас айналуына шағымданған. Дәрігерлердің айтуынша, ауырып қалғандардың бәрінде эпилепсия белгілері бар. Билік бұл ауру адамнан адамға берілмейді деп мәлімдеді.

Times Of India мәліметтері бойынша, адамдар тұтынған су ауыр металдармен, органофосфор қосылыстарымен және пестицидтермен ластануы мүмкін.