Полиция ер адамды жергілікті тұрғындар арасында қорқыныш немесе үрей тудыру ниетімен оттегі жетіспеушілігі туралы қауесет таратты деп айыптаған.
ERNUR.KZ. Үндістанда Twitter әлеуметтік желісін оттегі баллонын іздеу үшін пайдаланған ер адамға айып тағылды, деп жазады Тengrinews.kz.
Шашанк Ядав есімді ер адам Twitter әлеуметтік желісіне оттегі баллоны қажеттігі туралы шағын хабарлама жариялап, жазбаға Болливуд актері Сону Судты белгілеген.
Жазба жарияланғаннан кейін Уттар-Прадеш полициясы ер адамды жергілікті тұрғындар арасында қорқыныш немесе үрей тудыру ниетімен оттегі жетіспеушілігі туралы қауесет таратты деп айыптаған. Ядав қал үстінде жатқан атасына оттегі баллонын іздегенін түсіндірсе де, құқық қорғау органдары оған қарсы қылмыстық іс қозғаған.
"Шашанк Ядав жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды", - деді полицияның аға офицері Арпит Капур.
Шенеуніктер Ядавтың атасы инфаркттан қайтыс болған және СOVID-19 жұқтырмаған деп мәлімдеді. Бірақ өлімнің мән-жайы анықталмаған.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Үндістанда коронавирус өршіп тұр. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің коронавирустың екінші толқынын дауылға теңеді.