​Үндістандағы фейерверк фабрикасында болған жарылыстан сегіз адам қаза тапты

0
200

Оқиға Андхра-Прадеш штатының әкімшілік орталығы Амараватиден 303 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Анакапалли округіндегі Кайласапатнам ауылында болған.


​Үндістандағы фейерверк фабрикасында болған жарылыстан сегіз адам қаза тапты

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында орналасқан петарда шығаратын фабрикада жексенбі күні болған жарылыс салдарынан кем дегенде сегіз жұмысшы қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Оқиға Андхра-Прадеш штатының әкімшілік орталығы Амараватиден 303 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Анакапалли округіндегі Кайласапатнам ауылында болған.
Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала тергеу нәтижесінде жарылыс фабриканың жарылғыш заттар сақталатын қоймасынан шыққаны және оттың бүкіл ғимаратқа тез таралып, бірнеше жұмысшының шығып үлгеруіне кедергі болғаны анықталды. Оқиға кезінде фабрикада 15 адам жұмыс істеп жатқан.
Өрт сөндіру қызметінің өкілі Ниранджан Реддидің айтуынша, жарылыс пен одан кейінгі өрттің ықтимал себебі — өндірістік процестегі адами қателік.