Үндістандық "Миллион кімге бұйырады" ойынында Назарбаев туралы сұрақ қойылды

0
2 484

Ойыншы бұл сұрақтың жауабын дәл тапқан.


Үндістандық

ERNUR.KZ. Үндістанда Kaun Banega Crorepati телеойынында Нұрсұлтан Назарбаев пен елорда туралы сұрақ қойылды. Бұл сұрақтың дұрыс жауабы үшін ойыншыға 20 мың доллар (7 млн 700 мың теңгеден аса) берілді, деп жазады Stan.kz.

Желіде Kaun Banega Crorepati телеойынының кезекті саны жарияланды. Онда Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елордаға қатысты сұрақ қойылған.

«2019 жылы қай мемлекеттің астанасының атауы Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертілді?», - делінеді 20 мың долларға бағаланға сұрақта.

Аталған сұрақ жауабында Қырғызстан, Қазақстан, Косово және Кения нұсқалары ұсынылады.

Ойыншы бұл сұрақтың жауабын дәл тауып, «Қазақстан» деп жауап берді.

Kaun Banega Crorepati телеойыны әлемдегі ең танымал «Миллион кімге бұйырады» телебағдарламасының үндістандық баламасы болып табылады.

Шоудың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша көруге болады. Қазақстан туралы сұрақ шоудың 48-минутында қойылды.