Өрттен 36 сәби құтқарылды.
ERNUR.KZ. Өрттен 36 сәби құтқарылды. Ал 4 нәрестені аман алып қалу мүмкін болмады, деп жазады «Хабар 24».
Тілсіз жау Бхопал қаласындағы балалар ауруханасынан шыққан.
Мәлім болғандай, өрт туралы хабарлама түскен бетте құтқарушылар 10 минутта оқиға орнынан келіп жеткен. Алайда иіс тиген сәбилердің өмірін құтқара алмады. Қазір өрттің шығуына қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жалпы Үндістандағы аурухана ғимараттарының тозуына байланысты мұндай оқиғалар жиі болады. Өйткені ескі ауруханалардың дені өртке қарсы құралдармен жабдықталмаған.