Үндістанның шығысында найзағай соғуынан 33 адам қаза тапты

0
112

Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен найзағай толастаған жоқ.


Үндістанның шығысында найзағай соғуынан 33 адам қаза тапты
Фото: Pixabay
ERNUR.KZ. Үндістанның шығысындағы муссон жауыны кезінде найзағайдан кем дегенде 33 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп жазады inform.kz.

Төтенше жағдайларды басқару департаментінің мәлімдемесінде Бихар аймағында сәрсенбі және бейсенбі күндері болған қатты жаңбыр салдарынан адамдардың қаза тапқаны айтылды. Қайғылы оқиғаның құрбандары шаруалар мен дала жұмысшылары болды.

Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен найзағай толастаған жоқ.
Аймақтық апаттарды басқару министрі Виджай Кумар Мандал жауапты шенеуніктерге төтенше жағдай туралы ескерту жасап, қажетті сақтық шараларын қабылдауға нұсқау берілгенін айтты.
Үкімет найзағай соғуынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 миллион рупий (4600 доллар) көлемінде өтемақы төлейтінін жариялады.