Куәгерлердің айтуынша, 36 жастағы ресейлік өз станциясынан өтіп кетіп, теміржол вокзалында түнеймін деп шешкен.
ERNUR.KZ. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Тюмень облысының Вагай ауданында болған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, деп жазады Stan.kz.
Куәгерлердің айтуынша, 36 жастағы ресейлік өз станциясынан өтіп кетіп, теміржол вокзалында түнеймін деп шешкен. Ол жерден ер адам 15, 16 және 17 жастағы үш жергілікті тұрғынмен жанжалдасып қалған. Нәтижесінде қыздар оны аяусыз ұрып-соғып, оны тыр жалаңаш шешіндіріп, таяқпен зорлаған.
"Үш жасөспірім оны қолында ұстап тұрған құтысымен ұрған. Сондай-ақ үстіндегі барлық киімдерін шешіп алып, өртеп жібермек болған. Олар оны дәретханаға апарып зорлаған. Есіктер бұзылып, жан-жақтың бәрі қан болып жатты",-деді станция қызметкері.
Вокзал қызметкерінің айтуынша, қыздар оған ер адамның ол сексуалдық маньяк және оларға тиіскенін айтқан.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жасөспірімдер бұған дейін де жаман атпен танылып, полиция қызметкерлерінің назарына түскен. Қазір олардың бірі ұсталған. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Аймақтық тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады, прокуратура да тергеу ісіне қосылған.