Вакцина алмаған тұрғындарға коронавирустың емін ақылы ету ұсынылды

0
783

Бір науқасты реанимацияда емдеу Франция билігіне 3340 долларға шығады.


Вакцина алмаған тұрғындарға коронавирустың емін ақылы ету ұсынылды

ERNUR.KZ. Францияда дәрігерлер вакцинацияланбаған тұрғындар үшін COVID-19 емін ақылы етуді ұсынды, өйткені елдің денсаулық сақтау шығындары үнемі өсіп келеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, орташа алғанда, бір науқасты реанимацияда емдеу Франция билігіне 3340 долларға шығады.

Ал Австралия үдеткіш вакцинациялауға құқығы бар азаматтардың тізімін кеңейтті. Енді ревакцинация 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қолжетімді болды. Билік бұл шешімді елде коронавирустан болатын өлім көрсеткішінің өсуі аясында қабылдады.

Бірқатар елдерде коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Бразилияда – 269 968, Түркияда – 93 586, Жапонияда – 81 816, Нидерландыда – 74 085, Оңтүстік Кореяда – 17 542.