Вакцина дұрыс салынбаса, адам қайтыс болуы мүмкін

0
609

Әсіресе дене қызуы көтерілген кезде салу - аса қауіпті.


Вакцина дұрыс салынбаса, адам қайтыс болуы мүмкін
ERNUR.KZ. Ресейде медицина қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі "Денсаулық сақтау" қоғамдық ұйымның басшысы, дәрігер Максим Стародубцов коронавирусқа қарсы вакцинаны дұрыс салмаудың қаупі туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Оның айтуынша, алкоголь ішкеннен кейін немесе дене қызуы көтеріліп тұрғанда вакцина салынса, адам қайтыс болуы мүмкін.

"Әсіресе дене қызуы көтерілген кезде салу - аса қауіпті, себебі ол кезде ағза әлсіз болады. Қосымша жүктеменің салдары ауыр жағдайларға әкеп соғуы мүмкін", - деді дәрігер Ura.ru басылымына берген сұхбатында.


Маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы препарат әзірге "шикілеу" болғандықтан, оның басқа да кері әсері болуы мүмкін.
Сондай-ақ ол жаппай вакцинациялауды стационарда жасауды ұсынды. Сонда науқастың ағзасы препаратқа қандай реакция беретінін тексеріп отыруға болады деп есептейді.
Еске салайық, 12 тамызда Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко ресейлік вакцинаның бірінші партиясы екі аптадан кейін шығарылатынын және алдымен оны дәрігерлер алатынын айтқан.
11 тамызда РФ президенті Владимир Путин елде COVID-19 инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелгені туралы мәлімдеді. Вакцина "Спутник V" деп аталады. Препарат тамыз айының ішінде шығарылады. Азаматтарға 2021 жылдың қаңтарынан бастап салынады. Бұл екпені салғаннан кейін адам ағзасында 2 жылға дейін иммунитет болады деген болжам бар.