Венесуэлада номиналы 1 миллион боливар банкнот пайда болады

0
2 784

Соңғы бірнеше жылда Венесуэлада гиперинфляция болып жатыр.


Венесуэлада номиналы 1 миллион боливар банкнот пайда болады

ERNUR.KZ. Венесуэланың орталық банкі 8 наурыздан бастап үш жаңа банкнотты айналымға енгізді, олардың ішіндегі ең ірісі 1 миллион боливар, деп жазады Tengrinews.kz.

"Номиналы 200 мың, 500 мың және 1 миллион боливар болатын жаңа банкноттар 2021 жылдың 8 наурызынан бастап біртіндеп айналымға түсе бастайды", - делінген Венесуэла Орталық банк сайтында жарияланған хабарламада.

Барлық үш банкноттың алдыңғы жағында тік форматта тәуелсіздік үшін күрескен Испанияның батыры Саймон Боливар бейнеленген. Бұл номиналдар Венесуэладағы ең ірі сомадағы банкнот болмақ. Бұған дейін 2019 жылы елде 10 мың, 20 мың және 50 мың боливар номиналы бар банкноттар шыққан.

Соңғы бірнеше жылда Венесуэлада гиперинфляция болып жатыр. Бұл осы ғасырдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Орталық банк мәліметінше, 2020 жылы ол 2959,8 пайызды көрсеткен, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 9600 пайызға жақындады. Ресми бағам бойынша, қазіргі уақытта онда 1 АҚШ доллары 1,89 миллион боливарға тең. Осылайша, ең үлкен номиналдағы банкнот шамамен 50 америкалық центке тең.