Венгрия Украинаның ЕО-ға кіруі бойынша келіссөзді бастауға келісті

0
189

Дегенмен, алғашқы келіссөз блогының ашылуы ұзақ процестің алғашқы қадамы ғана екені аталып өтті.


Венгрия Украинаның ЕО-ға кіруі бойынша келіссөзді бастауға келісті

© Sputnik / Стрингер

ERNUR.KZ. Венгрия Украинаның ЕО-ға қосылуы бойынша келіссөздерді 15 маусымда бастауға келісті, бірақ бұл көпжылдық процестің алғашқы қадамы ғана, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр, деп жазады sputnik.kz.
"Украина үкіметі тарихи келісімді (Закарпатьедегі венгрлердің құқықтары туралы – ред.) орындауға ресми түрде міндеттеме алды... Сондықтан Венгрия дүйсенбі, 15 маусымда ЕО мен Украина арасындағы алғашқы келіссөздер блогын ашуға келісті", - деді Мадьяр желіде жарияланған видеоүндеуінде.
Сонымен бірге, Мадьяр "бірінші келіссөз блогының ашылуы ұзақ процестің алғашқы қадамы ғана" екенін атап өтіп, 2012 жылы қосылу туралы келіссөздерді бастаған, бірақ әлі аяқтай алмаған Черногорияны мысалға келтірді.