Жол апатының мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.
ERNUR.KZ. Вьетнамның солтүстігіндегі Йенбай провинциясында болған жол-көлік апатынан кемінде жеті адам қаза тапты, деп жазады BAQ.KZ.
Reuters агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға сенбі күні ішінде 19 жолаушысы бар жолаушылар автобусының қатысуымен болған.
Вьетнамның мемлекеттік БАҚ-тарының мәліметіне сүйенсек, автобус таулы аймақтағы жолмен келе жатып, еңістердің бірінде аударылып кеткен. Апат салдарынан бірнеше жолаушы көлік сынықтарының астында қалып қойған.
Құтқарушылар 10 адамды тірі алып шыққан, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға тежеу жүйесінің істен шығуы себеп болуы мүмкін.
Жол апатының мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.


