Вьетнамда ірі көлемде пара алған әйел өлім жазасына кесілді

0
413

Сотқа 2700 куәгер шақырылып, іске 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан.


Вьетнамда ірі көлемде пара алған әйел өлім жазасына кесілді

ERNUR.KZ. Вьетнамда $27 миллиард жымқырған миллионер әйел өлім жазасына кесілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Van Thinh Phat» акцонерлік қоғамының төрағасы Труонг Ми Лан алаяқтық жолмен Сайгон коммерциялық банкіне (SCB) $27 миллиард шығын келтірген. Ол 11 жыл бойы банкті тонап келген.

Хошимин қаласы халық сотының судьяларының дерегінше, 68 жастағы Ланға үш бап бойынша айып тағылған: парақорлық, банк ережелерін бұзу және ақша жымқыру. Кәсіпкерден SCB-ге өтемақы төлеу талап етілді.

BBC-дің жазуынша, әдетте ым-жымын білдірмейтін елдің коммунистік билігі бұл жолы бұқаралық ақпарат құралдарына жағдайды ашық айтып отыр. Сот процесінде 2700 куәгер шақырылып, іске 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан.

«Ол көптеген жеке тұлғалар арқылы SCB акцияларының 91,5% - ын жанама түрде иеленген, банк басшылығына «Van Thinh Phat» компанияларына несие беруді бұйырған. Ол SCB офицерлеріне жалған компанияларға қаржы аударуды тапсырған, содан кейін қолма-қол ақшамен алған. 2012 жылдан 2022 жылға дейін Лан және оның сыбайластары 2500 несие алып, банкке $44 млрд шығын келтірді. SCB-дегі құқық бұзушылықтарды жасыру үшін Лан өзінің қарамағындағыларға Вьетнам Мемлекеттік банкінің аудиторларына пара беруді бұйырды», - делінген желгілікті басылымның хабарламасында.