Вьетнамда «Яги» тайфуны салдарынан 179 адам мерт болды

0
272

Биылғы жылғы Азияда болған ең қуатты «Яги» тайфуны Вьетнамға сенбі күні соқты.


Вьетнамда «Яги» тайфуны салдарынан 179 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Вьетнамда қуатты «Яги» тайфуны салдарынан 179 адам мерт болып, 145 адам із-түзсіз жоғалған. Вьетнам астанасы Ханойдан Хонгха өзенінің жағасында тұратын мыңдаған адам эвакуацияланды, деп жазады inform.kz.

Биылғы жылғы Азияда болған ең қуатты «Яги» тайфуны Вьетнамға сенбі күні соқты. Үкіметтің бағалауынша, тайфуннан соң көшкін жүріп, су тасыған.

Мемлекеттік EVN энергетикалық компаниясы сәрсенбі күні ел астанасының су басқан кейбір аймақтарында қауіпсіздікке байланысты электр жарығы сөндірілгенін хабарлады.

Гидрометеорологиялық болжамдар Ұлттық орталығының директры Май Ван Кхьем Хонгха өзені кейінгі 20 жылда болмаған деңгейге көтерілгенін, ал алды да тағы жаңбыр жауғалы тұрғанын жеткізді.

«Ханойдағы кейбір мектептерде оқушыларға үйде болып, аптаның соңына дейін ешқайда бармауға кеңес берілді. Кейбір аудандардан мыңдаған адам эвакуацияланды»,-деп хабарлады Үкімет пен мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

«Яги» тайфуны көптеген зауыттарға зақым келтіріп, жағалауда орналасқан өнеркәсіп орталықтарының экспортқа бағытталған қоймаларын су басып, олар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Жұмыс тек бірнеше аптадан кейін ғана жанданады.

Бұл жұмыстардың тоқтауы жаһандық тауар тасымалына ықпал етеді. Себебі Вьетнамда көптеген халықаралық корпорациялардың кәсіпорындары орналасқан және олар тауарларын негзінен АҚШ, Еуропа мен өзге де дамыған елдерге экспорттайды.