Volvo Ресейдегі қызметкерлерінің бір бөлігін жұмыстан шығарады

0
742

​Компания нарықтан толықтай кету туралы шешім қабылдамағанын мәлім етті.


Volvo Ресейдегі қызметкерлерінің бір бөлігін жұмыстан шығарады

ERNUR.KZ. Volvo Group компаниясы бір жыл ішінде Ресейдегі қызметкерлердің бір бөлігін жұмыстан шығармақ, деп жазады inbusiness.kz.

Қазір автоконцерн қанша қызметкерді қысқартатынын қарастырып жатыр.

Volvo "елдегі нарықтық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзінің операциялық қызметін қазіргі ахуалға бейімдеу" туралы шешім қабылдады.

Калугадағы жүк көліктері мен кабиналар шығаратын Volvo Trucks зауыты 28 ақпанда енгізілген жұмысты тоқтата тұру режимінде қалады. Бұл зауыттың қуаттылығы – жылына 15 мың жүк көлігі. Ол 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

"Ресейдегі Volvo Group өндірістік алаңдарымен не болатынын айтуға әлі ерте", – деді компания өкілдері.

Компания нарықтан толықтай кету туралы шешім қабылдамағанын мәлім етті.