WhatsApp жарнамадан бас тартты

0
930

Команда жұмысының нәтижелері WhatsApp кодынан жойылды.


WhatsApp жарнамадан бас тартты

ERNUR.KZ. Facebook Whatsapp танымал мессенджерінде жарнама орналастыру жоспарларынан бас тартты, деп жазады tengrinews.kz.

Дереккөздердің мәліметінше, компания мессенджерге жарнама енгізумен айналысатын команданы таратып жіберген. Бұл топ жарнаманы "статус" бөліміне енгізуі керек еді, бұл Instagram-дағы "историяның" аналогы. Команда жұмысының нәтижелері WhatsApp кодынан жойылды.

Басылым жақын уақытта Facebook бизнес қолдаланушыларға арналған функциялар құруға көңіл бөлуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Еске салсақ, Facebook WhatsApp-ты 2014 жылы сатып алған. Мессенджер мұның алдында ақылы түрде жұмыс істеген: қолдаланушылар жылына 0,99 доллар төлеуге тиіс еді. Ал Facebook бұл төлемді алып тастады.

Марк Цукерберг мессенджерге жарнама енгізу жоспары жоқ екенін мәлімдеді. Алайда кейін WhatsApp-тан сервистің негізін қалаушылар Брайан Эктон мен Ян Кум шығып кетті. Оған себеп болған - Facebook басшыларымен келіспеушілік.

Ян Кум Facebook-тың WhatsApp-қа қолданатын саясатын жақтамады - олардың қатарында мессенджерге жарнамаға біріктіру, жарнама берушілер үшін қолдаланушылардың жеке деректерін пайдалану және WhatsApp қолдаланушы контентін шифрлауды әлсірету әрекеті бар.