YouTube басшысы Сьюзан Войчики қызметінен кетеді

0
543

Ол компанияда 25 жыл еңбек етті.


YouTube басшысы Сьюзан Войчики қызметінен кетеді

ERNUR.KZ. YouTube басшысы Сьюзан Войчики отставкаға кететінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Войчики отбасы, денсаулығы және жеке жобаларына көңіл бөлу үшін осындай шешімге келгенін айтты.

"Осыдан 25 жыл бұрын жаңа іздеу жүйесін құрған Стэнфорд аспиранттарының қатарына қосылдым. Олар Ларри мен Сергей болатын. Мен олар жасаған дүниенің әлеуетін көрдім, бастапқыда компанияның бірнеше ғана қолданушысы болды, табысы тіптен болмады. Оған қарамастан бұл командаға қосылуды ұйғардым. Бұл өмірімдегі ең маңызды шешімдердің бірі болды. Біз қол жеткізген барлық нәрсені мақтан тұтамын. 25 жылға жуық жұмыс істеп, YouTube басшысы ретіндегі қызметімнен бас тартуды жөн көрдім. Отбасыма, денсаулығыма және жеке жобаларыма арналған жаңа тарауды бастаймын деген шешімге келдім", - деп жазды Сьюзан Войчики.

Ақпаратқа сәйкес, Youtube-тің басшылығына Нил Мохан келеді.