​Ыстамбұлда метро құрылысы кезінде жер қабаты опырылып, 1 адам қаза тапты

0
157

Стамбул губернаторының мәлімдеуінше, опырылудан зардап шеккен 5 жұмысшының үшеуі ауруханаға жеткізілген, олардың біреуі көз жұмды.


​Ыстамбұлда метро құрылысы кезінде жер қабаты опырылып, 1 адам қаза тапты

Фото: TV 100

ERNUR.KZ. Стамбулдағы Бешикташ ауданында метро желісін салу жұмыстары кезінде жер қабаты опырылып, 1 адам қаза тауып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы TV 100 телеарнасына хабарлады, деп жазады kaz.inform.kz.
Бейоглу ауданындағы Меджлис-и Мебусан көшесіндегі Кабаташ пирсі жанында M7 метро желісінде жұмыс жүргізу кезінде төменгі 6-қабат деңгейінде жер қыртысы опырылған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, апаттан бес адам зардап шеккен. Олардың үшеуі өздері шығып үлгерсе, ал екеуі құтқару қызметі арқылы эвакуацияланды.

Құрылыс орнындағы жер қабатының түсіп кету себептері әлі белгісіз. Опырылу жер асты платформалардың бірінде болғаны хабарланды.

Стамбул губернаторының мәлімдеуінше, опырылудан зардап шеккен 5 жұмысшының үшеуі ауруханаға жеткізілген, олардың біреуі көз жұмды.

Стамбул провинциясының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдулла Эмре Гюнердің айтуынша, ауруханаға түскен жұмысшының барлық қабылданған шараларға қарамастан жанын сақтап қалу мүмкін болмаған.