Ыстанбұлдағы дауыл: жойқын жел шатырларды жұлып, жарнама билбордтарын аспанға ұшырды (ВИДЕО)

0
95

Оқиға орындарында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр.


Ыстанбұлдағы дауыл: жойқын жел шатырларды жұлып, жарнама билбордтарын аспанға ұшырды (ВИДЕО)

Фото: minval.az

ERNUR.KZ. Ыстанбұлдың бірнеше ауданы жойқын дауылдың құрсауында қалды. Қатты соққан жел шатырларды жұлып, ағаштарды құлатып, қалалық инфрақұрылым, соның ішінде жарнама билбордтарын ауаға көтерді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жолдарда құлаған ағаш діңдері қозғалысты бөгеп, қаланың көлік жүйесіне орасан зор кедергі келтірді. Жағажайда болған адамдар құмды дауылдан тасалануға мәжбүр болды.

Гюнгерен ауданында екпінді жел жарнама панельдері мен билбордтарды жұлып әкетті. Олардың кейбірі тоқтап тұрған автокөліктердің үстіне құлап, зақым келтірді. Билік өкілдері шығын көлемін бағалап, аумақты тазалау жұмысына жедел кірісті.

Әсіресе Эсенлер ауданында жағдай өте күрделенді. Көшеде ойнап жүрген балалар дауыл жұлып кеткен шатыр сынықтарының астында қала жаздады. Оларды соңғы сәтте құтқарып үлгерген.

Оқиға орындарында құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. Мамандар қолайсыз ауа райының салдарымен күресіп, үйінділерді тазалауда және қала инфрақұрылымына келтірілген шығынды бағалап жатыр.