Ыстықкөл облысындағы шипажайда 18 адам уланды

0
1 262

Кеше 13 адамның ауруханаға түскені мәлім болды. Түнде тағы 5 адам емдеу мекемесіне жеткізілген.


Ыстықкөл облысындағы шипажайда 18 адам уланды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы «Аврора» шипажайында 18 адам уланды, оның ішінде жетеуі шетелдік спортшы.

Бұл туралы «Кабар» агенттігіне Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

Кеше 13 адамның ауруханаға түскені мәлім болды. Түнде тағы 5 адам емдеу мекемесіне жеткізілген.

«Зардап шеккендердің арасында 11-і қырғызстандық, біреуі ирандық және Араб Әмірліктерінің 6 азаматы бар», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Зардап шегушілер тамақтан улануы мүмкін.

«Қазір анализ жүргізу үшін барлық сынамалар алынды. Ауруханаға түскен азаматтардың жағдайлары бірқалыпты», - деді ведомствода.

дереккөз: Қазақпарат