Қызғаныштан өзін балаларымен бірге өртеп жіберді

0
1 233

Әйел алдымен өзіне және ұйықтап жатқан кішкентай ұлдарының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.


Қызғаныштан өзін балаларымен бірге өртеп жіберді

Өзбекстанның Сұрқандария облысына қарасты Шоршы ауданының 27 жастағы тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін қызғанып, өзі мен екі ұлын өртеп жіберді, деп хабарлайды ERNUR.kz ca-news.org сайтына сілтеме жасап.

Әйел алдымен өзіне және ұйықтап жатқан кішкентай ұлдарының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Үстерін толық күйік шалған 3 және 1 жастағы сәбилерді құтқарып қалу мүмкін болмады. Екеуі де келесі күні ауруханада көз жұмды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған әйелдің өзі ауыр халде. Ал, азаматтық некедегі күйеуін 15 пайыз күйік шалып, ол да ауруханада жатыр.

«Навруз» ауылының түрғыны бұл әрекетті сәуірдің 14-нен 15-іне қараған түні жасаған. Осы оқиғаға байланысты «Қасақана кісі өлтіру», «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сұрқандария облыстық прокуратурасы өкілінің сөзіне сенсек, әйел бұл іске азаматтық некедегі күйеуімен арада болған жанжалдан кейін барған.

-Тергеу барысында анықталғандай, әйел мен азаматтық некедегі жолдасының арасында қызғаныштың әсерінен ұрыс басталған. Нәтижесінде, әйел екі литрлік бензин кәністірін алып, өзін және балаларын өртеген. Милиция мен өрт сөндірушілерге өрт туралы көршілері хабар берген, - дейді облыстық прокуратура қызметкері.

Ауыл тұрғындарының бірінің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі басқа бір қызға үйленгелі жатыр дегенді естіген әйел осындай қадамға барған.