Запорожье АЭС жұмысы толық тоқтатылды

0
1 569

Бұған дейін облыс билігі АЭС-тің соңғы, алтыншы энергоблогының жұмысын тоқтатқанын хабарлады.


Запорожье АЭС жұмысы толық тоқтатылды

ERNUR.KZ. Запорожье АЭС-тің соңғы энергоблогының тоқтауы облысты жарықпен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ. Бұл туралы "Мы вместе с Россией" қозғалысының төрағасы, Запорожье облысы әкімшілігінің бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Запорожье облысын электрмен жабдықтау үзіліссіз, штатты режимде жүргізіліп жатыр. Барлығы жақсы. Барлық жерде электр жарығы бар", - деді Рогов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Өңірдегі әкімшілік басшысы Евгений Балицкийдің айтуынша, энергетиктер соңғы ЗАЭС энергоблогы тоқтатылғаннан кейін Запорожье облысын электр қуатымен қамтамасыз ету үшін энергетикалық инфрақұрылымдағы жоғары вольтты желілерді ауыстырып қосып жатыр.
Бұған дейін облыс билігі АЭС-тің соңғы, алтыншы энергоблогының жұмысын тоқтатқанын хабарлады.
"Салқындатып өшіру" деп аталатын режим қолданылды, реактор дизельдік генераторлардың жұмысы есебінен салқындатылады, деп хабарлады Запорожье облысының билігі.
"Қазір технологиялық процестерді тоқтатпау үшін Запорожье АЭС-ін электрмен жабдықтау дизельдік генераторларға ауыстырылды, бұл уақытша шара", - деп түсіндірді Владимир Рогов.
Жергілікті билік Запорожье АЭС энергоблоктарының тоқтатылуына жоғары вольтты желілер мен энергетикалық инфрақұрылымдарға шабуыл жасау салдарынан турбиналар мен реакторлардың жүктемесі мен жұмыс режимдерінің үнемі ауытқуы салдарынан төтенше жағдай орын алу ықтималдылығымен байланысты екенін атап өтті.