Жер сілкінісі туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабар таратты.
ERNUR.KZ. Бүгін түнде Индонезияның Симелуэ аралының жағалауында 5,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады baq.kz.
Жер сілкінісі туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабар таратты.
Орталықтың мәліметтері бойынша, эпицентр Синабанг елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан, халқы 15 мыңға жуық. Ошақ 18 км тереңдікте болды.
Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ, цунами қаупі жарияланған жоқ.