Зеленский шенеуніктердің байлығын тәркілеу туралы заң жобасын енгізді

0
1 106

№10358 заң жобасы Радада үшінші маусым күні тіркелді.


Зеленский шенеуніктердің байлығын тәркілеу туралы заң жобасын енгізді

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский заңсыз байлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң жобасын енгізді. Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс комитетінің баспасөз хатшысы Александр Данилюк мемлекет басшысы бұл заңды 31 мамыр күні енгізу керек болған деп жазады kaz.nur.kz.

№10358 заң жобасы Радада үшінші маусым күні тіркелді. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік және жергілікті басқарма қызметінің уәкілетті тұлғасы бағасы өз табысынан әлдеқайда асып түсетін активтерді сатып алған жағдайда бес пен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылып, белгілі бір лауазымдарды иелене алмай қалады.

Оған қоса, үш жылға дейін белгілі бір қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылмақ. Дәлелсіз активтерді мойындау жөніндегі істер мен оларды мемлекет үлесіне тәркілеу Жоғарғы жемқорлыққа қарсы сотқа ұсынылмақ.

Оған қоса, тиісті арызбен сотқа шағымдануды арнайы мамандандырылған антикоррупциялық прокуратура прокурорының келісімімен Ұлттық сыбайлыс жемқорлыққа қарсы бюроға беру ұсынылды.