Зерттеушілер ядролық соғыстан аман қалатын ТОП-5 елді ерекше атады

0
160

Жаңазеландиялық ғалымдар ядролық соғыстың салдарын зерттеп-зерделеп, қызық қорытынды шығарды.


Зерттеушілер ядролық соғыстан аман қалатын ТОП-5 елді ерекше атады

Фото: delfi

ERNUR.KZ. Модельдеу нәтижелері Risk Analysis ғылыми журналында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Ғалымдар ядролық соғыстан соң планетаның атмосферасына 150 тераграмм күйе түсетінін есептеген. Сондай-ақ, мұның әсері бірнеше жылда ауыл шаруашылығы өндірісін 80%, ал солтүстік жарты шарда шамамен 100% қысқартуы ықтимал.

Отаго университетінің зерттеушілері "қақтығыстар, соның ішінде азық-түлік тапшылығы мен жаппай ашаршылықтың зардабынан аман қалатын бес мемлекет әлі де болады" деп отыр. Олар – Исландия, Жаңа Зеландия, Австралия, Соломон аралдары және Вануату. Яғни, бұл тізімге көбіне арал немесе түбекті мемлекеттер енген.