2021 жылы 14 мамыр жұмаға, яғни Венера күніне дөп келіп тұр.
ERNUR.KZ. Үндістердің астрологиялық дәстүрі бойынша 2021 жылдың 14 мамыры – Акшая Тритья күні. Адамдар бұл күні ең ізгі армандар орындалады деп сенеді, деп жазады sputniknews.kz.
"Акшая" сөзі санскритте "жеңілмейтін" деген мағынаны білдіреді. Ал "Тритья" – әрбір жаңа іс үшін қолайлы саналатын үшінші айлы күн. Ол Вийшакха айының басталуына қарай есептеледі. Дәл осы айдың үшінші күні Акшая Тритья деп аталады.
Астрологиялық есептеулерге сәйкес 2021 жылы ол 14 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:31-де басталып, 15 мамырда сағат 09:05-те аяқталады.
Бұл күн несімен ерекше
Дәл осы күні Ай мен Күн көп көлемде жағымды энергия сыйлайды. Акшая Тритья бір жыл ішіндегі ең қуатты әрі сәтті күн болып саналады. Ол кез келген саладағы жаңа бастауларға сәттілік алып келеді.
Бұл тамаша күн қателіктерді түзетуге, қандай да бір салада жаңа сатыға көтерілуге, армандарды орындауға және табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы күнгі энергияның қуатты болғаны соншалық, ол ғаламшарлар мен жұлдыздардың кез келген негативті ықпалын жояды, дейді астролог мамандар.
Қандай іспен айналысу керек:
- Қайырымдылықпен айналысыңыз. Сіз садақа еткен барлық дүние-мүлік бұл күні өзіңізге еселеп қайтады;
- Саяхаттаңыз немесе саяхатқа дайындалыңыз
- Уақытты табиғат аясында өткізуге тырысыңыз
- Жағымды, жақсы адамдармен әңгімелесіңіз
- Дін аясындағы жөн-жоралғыға уақыт бөліңіз
- Егер жоспарда көшу бар болса, осы іс үшін таптырмас сәтті күн
- Неке қию, уәде беру, бала көтеру, қарым-қатынасты бастауға аса қолайлы
- Шығармашылықпен айналысыңыз. Осы күні жасалған әрбір зат алдағы уақытта ерекше энергетика сыйлайды
- Бір, үш немесе бес жылға жоспар құрыңыз. Әдемі етіп тізім құрып, оны көз көретін жерге орналастырыңыз
- Сәттілікті қажет ететін істі осы күнге жоспарлаңыз
- Ата-анаңызға көңіл бөліңіз
- Жаңа істер мен жобаларды бастаңыз. Олар табысты болады
- Айналаңыз бен ішкі әлеміңізді тазартыңыз
- Ең ізгі армандарды тілеңіз. Олардың саны тым көп болмауы керек. Бұл сіздің жүрек түкпіріңіздегі ең ізгі тілек болуға тиісті. Арманыңызды қағаз бетіне түсіріп, оны орындалғанға дейін сақтаған абзал.
- Инвестиция салыңыз, ауқымды дүниелер сатып алыңыз
- Осы күні аскеза, яғни ерікті түрде бір нәрседен бас тартса, ол берекеге бастау болады деген наным бар
- Алтын мен күмістен әзірленген бұйымдар сатып алыңыз және жақындарыңызға сыйлаңыз. Осы күні сатып алған зат ұзақ жылдар бойы сәттілік алып келеді
- Жаңа әмиян сатып алыңыз. Акшая Тритья күні сатып алған әмияннан ақша кетпейді деген сенім бар.
Бұл күні немен айналысуға болмайды:
- Жағымсыз ойлар мен әрекеттерден аулақ болыңыз. Бұл күні сізден шыққан барлық негатив өзіңізге қайта айналып келеді. Өсек, жала жабу, арам ниет секілді әрекеттер іс жүзінде орындадыңыз ба, жоқ жай ғана ойладыңыз ба, бәрібір ол бумеранг секілді өзіңізге оралады
- Басқа адамдарға зиян келтіретін армандарды тілеуге болмайды
- Жабырқамаңыз
- Ұзақ уақыт ұйықтамаңыз. Себебі таң қылаң берген шақта ең көп энергия таралады
- Ішкі жан дүниеңіз бен сыртқы әлемді ластамаңыз
- Кредит немесе қарызға ақша алуға болмайды
2021 жылы 14 мамыр жұмаға, яғни Венера күніне дөп келіп тұр. Бұл күн махаббат пен қарым-қатынас, байлық пен дәулет үшін сәтті күн деп есептеледі.