Жаңа Гвинеяда жанартау атқылап, 6 елді мекенді күл басып қалды

0
1 351

Жанартаудың атқылауынан кейін таяу маңдағы елді мекендерден 15 мың адам эвакуацияланды.


Жаңа Гвинеяда жанартау атқылап, 6 елді мекенді күл басып қалды

ERNUR.KZ. Жанартаудың атқылауы Папуаның солтүстік-шығыс жағалауы - Жаңа Гвинеядағы Манам аралында басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жанартаудың жергілікті уақыт бойынша шамамен 01:00 сағатта атқылады, салдарынан алты елді мекенді күл басып қалған. Папуа - Жаңа Гвинея премьер-министрі Джеймс Марапе зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін ұлттық армияны тартуға шешім қабылдады. Алайда Манам аралы шалғайда орналасқандықтан, ондағы тұрғындарға көрсетілетін көмек сәл кешігіп жетуі мүмкін. Онда барлығы 9 мың адам тұрады.

Жаңа Британия аралындағы сәрсенбі күнгі Улавун жанартауының атқылауынан кейін таяу маңдағы елді мекендерден 15 мың адам эвакуацияланды. Жанартау ошағының батысында орналасқан Хоскинс әуежайы жабылды және табиғи апат болған аумақ арқылы өтетін әуе байланысы тоқтатылды. Атқылау салдарынан аспанға көтерілген күл 18 километрге дейін жетті.