24 жастағы студент өзіне сымсыз құлаққап сатып алған.
ERNUR.KZ. Түркияда бойжеткен жігітінің жаңа құлаққабын тыңдау кезінде құрылғы жарылып, оң құлағы естімей қалды, деп жазады stan.kz.
Оқиға туралы қыздың жігіті айтып берді. Ол Оңтүстік Кореяның Samsung компаниясына шағымдануда. Себебі құлаққаптың жарылуының кесірінен қыз есту қабілетін жоғалтқан.
24 жастағы студент өзіне сымсыз құлаққап сатып алған. Сүйіктісі құрылғыны ашқан кезде сынап көргісі келген. Қаптамадан алғаннан кейін оң жақ құлаққап жарылып, қыздың бір құлағы біржола естімей қалған.
"Мен оларды тіпті қуаттамадым. Олар оралған қорапта шамамен 36% қуатталған күйде келді. Біз медициналық қорытынды алып, Samsung компаниясына хабарластық. Олар құлаққапты қызмет көрсету орталығына апаруға кеңес берді", — деп жазды ол.
Samsung кеңесшілері кешірім сұрап, құлаққапты жаңасына ауыстыруды ұсынған. Ер адам компанияның бұл әрекетіне ренжіді.
"Мен бұл мәселемен бірнеше ай бойы жүгіріп жүрмін. Бізде шот-фактура, алдыңғы және кейінгі фотосуреттер, сондай-ақ жарылыс салдарынан есту қабілетінің жоғалғаны туралы медициналық қорытынды бар", — деп қосты ол.
Желі пайдаланушылары жігіт пен қызға сотқа жүгінуге және Samsung-тан өтемақы талап етуге кеңес берді. Бірнеше күннен соң, автор Оңтүстік Корея компаниясының өкілдері хабарласып, қолдау көрсеткенін жеткізді. Біраз уақыттан кейін оқиға туралы барлық хабарламалар жойылған.