15 тамызда Жаңа Зеландия украиналық әскеридерді оқытуға көмектесу үшін Ұлыбританияға 120 сарбазын жіберетіні хабарланды.
ERNUR.KZ. Жаңа Зеландия билігі Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті, деп жазады inbusiness.kz.
Жаңа Зеландия СІМ-нің хабарлауынша, санкциялық тізімге 48 ресейлік пен бір компания енгізілді. Шектеу жарияланған азаматтардың аты-жөні жарияланбады.
"Санкциялар алдыңғы шектеулерге негізделген және Донецк пен Луганск облыстарындағы сепаратистік әкімшіліктердің саяси және әскери қайраткерлеріне қарсы бағытталған", – деп жазылған ведомствоның мәлімдемесінде.
15 тамызда Жаңа Зеландия украиналық әскеридерді оқытуға көмектесу үшін Ұлыбританияға 120 сарбазын жіберетіні хабарланды. 800-ден астам әскери қызметшілерді оқыту Украина аумағында емес, Ұлыбританияда өтеді.