Жапондар адам секілді көңіл-күйге ерік беретін андроид ойлап тапты

0
1 521

Оның бойы –120 см, салмағы –37 келі.


Жапондар  адам секілді көңіл-күйге  ерік беретін  андроид ойлап тапты

«Жапонияда адам сияқты эмоцияға ерік беретін андроид пайда болды», деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпарат агенттігі abctv.kz сайтына сілтеме жасап.

Хироси Исигуро есімді инженер ойлап тапқан құлтемірдің аты – Ибуки. Оның бойы –120 см, салмағы –37 келі.

Роботты арнайы 10 жасар бала сияқты етіп құрастырған. Қаңқасы көміртек пен пластиктен, ал беті мен қолының терісі өсімдік шірнесінен тұрады. Ибуки адамдар сияқты күледі, қолына затты ұстап, онымен бұлғай алады. Өнертапқыштың ендігі мақсаты – құлтемірдің диалогты түсініп, оның адамша сөйлету функциясын дамыту.