Жапондық Space One компаниясының Kairos зымыраны алғаш ұшқан сәтте жары

0
616

13 наурызда Жапонияның батысындағы Вакаяма префектурасындағы жеке ғарыш порты Kii ұшыру алаңында 18 метрлік Kairos зымыраны ұшырылғаннан кейін көп ұзамай жарылған.


Жапондық Space One компаниясының Kairos зымыраны алғаш ұшқан сәтте жары

ERNUR.KZ. Жапонияның Space One компаниясы жасаған Kairos зымыраны сәрсенбіде алғашқы ұшырылымынан бірнеше секундтан кейін жарылып кетті. Фирма орбитаға спутник шығарған алғашқы жапондық компания болуды көздеген деп жазады inform.kz.

Бүгін, 13 наурызда Жапонияның батысындағы Вакаяма префектурасындағы жеке ғарыш порты Kii ұшыру алаңында 18 метрлік Kairos зымыраны ұшырылғаннан кейін көп ұзамай жарылған. Зымыранның сынықтары ұшыру алаңының маңына құлап, үлкен өрт шықты.

«Зымыран ұшуды тоқтатты, өйткені оның миссиясы қиын болатынын аңғардық», – деді компания президенті Масакадзу Тойода.

Space One бірінші сатыдағы қозғалтқыш жанғаннан кейін өзін-өзі жоюға не себеп болғанын немесе компания келесі Kairos-ты қашан іске қосатынын нақтыламады, тек жарылысты егжей-тегжейлі зерттейтінін мәлімдеді.

Компания ұшыру автоматтандырылғанын, тек жерде он шақты персонал қажет болатынын және зымыран ұшу жолында жылдамдықта немесе басқару жүйесінде адамдарға қауіп төндіретін және апатқа әкелуі мүмкін қателерді анықтаған кезде өздігінен жойылатынын айтты.

«Біз «жаһандық сәтсіздік» терминін қолданбаймыз. Өйткені әрбір сынақ бізге жаңа мәселені шешу үшін жаңа деректер мен тәжірибе әкеледі», - деді Тойода баспасөз мәслихатында.

Вакаяма префектурасының губернаторы Сюхей Кишимото журналистерге зымыран ұшыру алаңының жанында зардап шеккендер жоқ екенін және өрт сөндірілгенін мәлімдеді.

Kairos орбитадағы барлау спутниктерін сәтсіздікке ұшыраған жағдайда уақытша алмастыра алатын тәжірибелік үкіметтік жерсерігін алып ұшпақ болған.