Жапония ағаштан жасалған бірінші жерсерікті ұшырмақ

0
2 605

Жерсеріктің сыртқы қабаты ағаштан жасалмақ.


Жапония ағаштан жасалған бірінші жерсерікті ұшырмақ

ERNUR.KZ. Жапонияда 2023 жылы әлемдегі бірінші ағаштан жасалған жерсерік ұшырылмақ. Бұл туралы жұма күні Kyodo агенттігі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жапондық мамандардың айтуынша, ғарыш аппаратын 10 сантиметрлік кішігірім шаршы ретінде жасау жоспарланып отыр. Жерсеріктің сыртқы қабаты ағаштан жасалмақ. Оның сыртына күн батареялары, ал ішіне антенна қосылған электрондық жабдық орнатылады.

Ақпан айында Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің ғарышкері Такао Дои ғарышта ағаш сүрегін сынап көреді. Ол Халықаралық ғарыш станциясындағы зерттеу модулінің сыртына ағаштың бірнеше түрінен жасалған панельдер бекітеді. Олар ашық ғарышта шамамен тоғыз айға қалдырылады.

Жапондық мамандардың ойынша, жерсеріктерді ағаштан жасау арзанға түседі. Қазіргі қолданыстағы жерсеріктер аллюминийден жасалған.

Киото университетінің профессоры Доидің айтуынша, жоспар жүзеге асырылса, ғарышқа қызығушылық танытқан балалардың өзі жерсерік жасай алатын болады.

Жерсерікті жасаумен Киото университеті мен Sumitomo Forestry компаниясының мамандары айналысып жатыр.