Жапония Қазақстанға 7 млн доллар көлемінде грант береді

0
134

Гранттық көмек жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.


Жапония Қазақстанға 7 млн доллар көлемінде грант береді

Photo : Министерство обороны Республики Казахстан

ERNUR.KZ. Жапония денсаулық сақтауды дамытуға Қазақстанға 7 млн доллардан астам гранттық қолдау көрсетеді, деп жазады sputnik.kz.
Министр Ақмарал Әлназарова мен Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Иидзима Ясусама Абай облысында медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,087 млрд иен (7 млн АҚШ доллары) мөлшерінде жапон грантын беру туралы үкіметаралық келісімді іске асыру туралы құжатқа қол қойды.
"Гранттық көмек "Семей медицина университеті" КеАҚ университеттік госпиталіне арналған жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды сатып алуға жұмсалады", - деп жазылған хабарламада.
Жоба госпитальды магниттік-резонанстық томографты (МРТ), компьютерлік томографты (КТ), эндоскопиялық, реанимациялық және өзге де жоғары технологиялық жабдықты қоса алғанда, заманауи диагностикалық және емдеу жүйелерімен жарақтандыруды көздейді.
Бұл өңірлік деңгейде, оның ішінде ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен пациенттерге арнайы әлеуметтік және гуманитарлық маңызы бар мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Жапония Жамбыл облыстық қан орталығына 6 68,790 АҚШ доллары көлемінде грант бөлген. Бұл ақшаға қан тромбоциттерін сақтауға арналған 5 аппарат сатып алынды.