Жерасты дүмпуінен кейін Жапония билігі цунами қаупін жариялады.
фото: АПА
ERNUR.KZ. Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:19-да (Астана уақыты бойынша 17:19) тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы су астында 30 шақырым тереңдікте орналасқан, деп жазады inbusiness.kz.
Жерасты дүмпулері Кюсю аралының бүкіл аумағында бес баллға дейін, ал Сикоку аралында және Хонсю аралында Хиросима қаласынан Осакаға дейінгі үлкен аумақта үш баллға дейін сезілгені хабарланды.
Жер сілкінісінен кейін Жапония билігі цунами қаупін жариялады. Кюсюдің шығыс жағалауы мен Сикокудың оңтүстік жағалауының тұрғындарына биіктігі бір метрге жететін цунами қаупі ескертілді.