Жапонияда өзі жүре алатын орындық жасалды

0
2 898

Жаңа құрылғы зауыт жұмысшылары мен хирургтар сияқты мамандарға арналған.


Жапонияда өзі жүре алатын орындық жасалды

ERNUR.KZ. Жапонияда жұмысын тік тұрып істейтін мамандарға арнайы құрал жасалды, деп жазады 24.kz.

Жаңа құрылғы зауыт жұмысшылары мен хирургтар сияқты мамандарға арналған. Бірегей құрал адамның аяғына арнайы белбеу арқылы бекітіліп, оның денесіне түсетін салмақты азайтады, аяқтың талмауына көмектеседі. Әрі онымен жүруге де болады.

Жапонша «Жүре алатын орындық» деп аталатын аппараттың салмағы – екі келі. Ғалымдар оны жуық арада сатылымға шығаруды көздеп отыр. Бір құрылғының құны 5 мың доллар болмақ.