200 келіден астам есірткі тәркіленді: Әйел есірткіні тарату үшін Алматыдан Павлодарға барған

0
98

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәркіленген есірткінің ішінде 190 келі марихуана, 13 келіге жуық синтетикалық есірткі және 4 келі гашиш бар.


200 келіден астам есірткі тәркіленді: Әйел есірткіні тарату үшін Алматыдан Павлодарға барған

Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қазақстанда қараша айының алғашқы он күнінде заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді, деп жазады Stan.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәркіленген есірткінің ішінде 190 келі марихуана, 13 келіге жуық синтетикалық есірткі және 4 келі гашиш бар.

Алматыда полицейлер 56 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның көлігі мен пәтерін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин табылған.

Шымкентте 21 жастағы күдіктіден жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол тыйым салынған заттарды қалада сатуды жоспарлаған.

Жалпы қараша айының алғашқы он күнінде елде есірткіге қатысты 56 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 35-і қылмыс санатына жатқызылған. Осы кезеңде 35 күдікті ұсталды. Олардың 19-ы есірткі сатты деген күдікке ілінсе, сегізі контрабандаға қатысы бар деген күдікпен қолға түскен.

Олардың ішінде:

  • 19 адам есірткі сату дерегі бойынша;
  • 3 адам есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін;
  • 8 адам контрабанда дерегі бойынша;
  • 3 адам улы заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен;
  • 1 адам құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін;
  • 1 адам есірткіні насихаттап, жарнамалағаны үшін ұсталды.