3,4 мың ғимарат зақымданды, оның 181-і толығымен қираған.
© REUTERS KYODO
ERNUR.KZ. Жергілікті биліктің жаңа мәліметіне сәйкес, Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 адамға жетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Префектурада 210 эвакуациялық пункт ашылып, онда 9,2 мыңнан астам адам орналасқан. 1590 үй жарықсыз, 46,8 мың үй сусыз, ал 8,7 мың үй газсыз отыр.
3,4 мың ғимарат зақымданды, оның ішінде 181 ғимарат толығымен қираған.
Сейсенбі күні Кюсю аралындағы Кумамото префектурасы аумағында магнитудасы 7,1 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы 16 шақырым тереңдікте орналасқан.


