Жапонияның "Фукусима-1" АЭС-нен радиоактивті қалдықтар төгілген

0
510

Ван Вэньбинь компанияның радиоактивті ластанған суды қайта өңдеу қабілеті күмән тудыратынын айтты.


Жапонияның

ERNUR.KZ. Бұл туралы бейсенбіде ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Фукусима-1" атом электр станциясынан радиоактивті ластанған судың төгілуі туралы соңғы хабарлама халықаралық қауымдастықтың жапондық Tokyo Electric Power Company (TEPCO) энергетикалық компаниясының құзыреттілігіне және Жапония Үкіметінің жағдайды бақылауына қатысты алаңдаушылығын тағы да күшейтті.

Дипломат бұл мәлімдемені баспасөз брифингінде TEPCO жақында ағынды суларды тасымалдау үшін пайдаланылатын шлангтың жарылуы нәтижесінде "Фукусима-1" атом электр станциясынан радиоактивті ластанған судың сыртқа төгілгенін растады деген БАҚ хабарламаларына түсініктеме беру туралы өтінішке жауап ретінде жасады.

Ресми өкіл атап өткендей, Жапонияның радиоактивті ластанған суды мұхитқа төгу жоспарының заңдылығы мен қауіпсіздігіне халықаралық қауымдастық көптен бері күмән келтіріп келеді, ал Фукусима тұрғындары атом электр станциясындағы апаттан кейін TEPCO-ның оның салдарын жою жөніндегі әрекеттерінде біраз кемшіліктер байқалғанын бірнеше рет атап өтті.

Ван Вэньбинь компанияның радиоактивті ластанған суды қайта өңдеу қабілеті күмән тудыратынын айтты.

"TEPCO бүкіл процесс барысында ағынды суларды қауіпсіз және жауапты түрде қайта өңдей ала ма? Ол 30 жыл бойы судың төгілуін айна қатесіз бақылап, басқара ала ма? Ол тазарту қондырғыларының ұзақ мерзімді тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ете ала ма? Жапония сынама алуды жүзеге асыра ала ма және ережелерге қатаң сәйкес мониторинг жүргізе ала ма? Халықаралық қауымдастық бұған күмән келтіреді", - деді Ван Вэньбинь.

ҚХР СІМ-нің ресми өкілі жапондық тарап халықаралық қоғамдастық пен өз халқының заңды қорқынышына байыпты қарауы, радиоактивті ластанған суды мұхитқа төгу жоспарын тоқтатуы, көрші елдермен шынайы байланыста болуы, радиоактивті ластанған суды шынымен жауапты түрде кәдеге жаратуы және үнемі қатаң халықаралық қадағалауда болуы керек деп тағы да мәлімдеді.