Жарылыс болған шахтаның жұмысы тоқтатылды

0
474

Жарылыс кезінде жер астында 90-нан астам кенші болған.


Жарылыс болған шахтаның жұмысы тоқтатылды

ERNUR.KZ. Түркияда жарылыс болған көмір шахтасындағы жұмыс тоқтатылды, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы Түркияның Табиғи ресурстар және энергетика министрі Фатих Донмез мәлімдеді.

"Біз шахтадағы жұмыстарды уақытша тоқтатамыз, өйткені кейбір учаскелерде өрт бар. Біз осы жұмыстар аяқталғанға дейін Амасра шахтасында көмір өндіруді тоқтатамыз. Прокурорлар да бұл іс бойынша тергеуді бастады", деп ТАСС Донмездің сөзін келтіреді.

Қайғылы оқиға Амасра ауданындағы көмір шахтасында 300 метр тереңдікте орын алды. Жарылыс кезінде жер астында 90-нан астам кенші болған. Жарылыс салдарынан 41 адам қаза тапты. 58 адам құтқарылды.