Жас жігіт байқаусызда қолын арамен кесіп тастады

0
2 417

Жәбірленушіні әріптестерінің жылдамдығы құтқарып қалды. Олар аққан қанды тоқтатып, оны ауруханаға жеткізген. Мұнымен қатар, кесілген қолын да мұз салынған пакетке орап ала барған.


Жас жігіт байқаусызда қолын арамен кесіп тастады

ERNUR.KZ. Үндістанның Керала штатында ер адам байқаусызда араға қолын кесіп алды, деп жазады sputniknews.kz.

Ағаш кесетін жерде жұмыс істейтін 22 жастағы жігіт көрші фермадан қашып кеткен бұқаға бола қолынан айырылды. Бұқа бөлмеге кіріп келгенде ер адам қашамын деп құлап түседі. Осының салдарынан оның қолын қосылып тұрған білдек кесіп кетеді.

Жәбірленушіні әріптестерінің жылдамдығы құтқарып қалды. Олар аққан қанды тоқтатып, оны ауруханаға жеткізген. Мұнымен қатар, кесілген қолын да мұз салынған пакетке орап ала барған.

Қолды орнына тігу үшін 12 сағатқа созылған екі ота қажет болды. Бірінші ота кезінде қан жүретін тамырлардың арасы мен сүйекті қосқан. Араға үш күн салып екінші ота кезінде жүйке талшықтары мен бұлшық ет біріктірілді.

Осыдан кейін қол қызметі 90%-ке қайта қалпына келген. Дәрігерлер ер адам толықтай қалыпқа келу үшін екі-үш ай физиотерапия қажет болатынын айтады.