Сарапшылар пәтерге орнатылған жылу құралы талапқа сай орнатылмағанын анықтаған.
ERNUR.KZ. Өзбекстанның Ферғана облысы Бувайда ауданында жас жұбайлардың иіс тиіп қайтыс болуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп жазады ulysmedia.kz.
Сарапшылар пәтерге орнатылған жылу құралы талапқа сай орнатылмағанын анықтаған.
Бас прокуратура тұрғындарға "мұндай қайғылы оқиға болмас үшін жылу және газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға" кеңес берді.
Азаттықтың Өзбек қызметінің мәліметінше, Өзбекстанда 10-20 қараша аралығындағы он күнде кем дегенде тоғыз адам иіс тиіп қайтыс болған. 24 қарашада олардың саны кем дегенде 11 адамға жеткен.
Бұның алдында Наманганда бір әйел, оның келіні мен немересі, ал Қашқадарияда 17 жастағы қыз, Хорезмде екі жас жігіт, Жизақта үш адам, Бухарада кәмелет жасқа толмаған бір бала газдан уланып қайтыс болғаны хабарланған.
Өзбекстанда қыс маусымы басталған уақытта "иіс тию" оқиғалары жиі тіркеледі. Жыл сайын елде соның салдарынан жүздеген адам өледі.